uk

Ильяс Есенберлин

  • Aiman Kainarbayevaalıntı yaptı2 yıl önce
    Таң боп қайта атпасаң,
    Басқалы тұр қара бұлт
  • Aiman Kainarbayevaalıntı yaptı2 yıl önce
    Көптің көкейінде жүрген тілекті Асан Қайғы айтты.
  • Aiman Kainarbayevaalıntı yaptı2 yıl önce
    Бүгінгі ас — қайғы асы еді, енді бүліншілік асына айналмаса нетсін, — деді ақырын күрсініп
  • Aiman Kainarbayevaalıntı yaptı2 yıl önce
    Орда-Базар шағын қала. Әбілқайырдың негізгі басқаратыны көшпелі қазақ, өзбек елдері болғандықтан, ел салтын бұза алмай, хан Ордасы — бес ауылы жаз бойы Дәшті Қыпшақ жерінде көшіп жүретін. Тек күз келе Орда-Базарға қыстау ретінде тоқтайды
  • Aiman Kainarbayevaalıntı yaptı2 yıl önce
    Осы себептен де болар, Әбілқайырға көп жағдайда бағынышты Самарқант, Бұқар, Герат секілді Орда-Базардың үлкен шаһарға айналмай, шағын қала қалпында қалғаны. Шығыс шеберлері күйген кірпіштен күмбездетіп салған бірнеше хан сарайларын санамасақ, қала шымнан құйған, тастан құйған, тастан қаланған екі жүздей ғана үйден тұрады
  • Aiman Kainarbayevaalıntı yaptı2 yıl önce
    Қаланың тым өсіп кетпеуіне тағы бір себеп ол Әбілқайырдың алыстағы ойы. Хан өз астанасын түбі әбден жаулап алған соң Гератқа, не Самарқантқа аудармақ. Ал Орда-Базар уақытша мекені
  • Aiman Kainarbayevaalıntı yaptı2 yıl önce
    Хан ойынша қазақ руларының арасындағы алауыздық түбі жойылуға. Оған дейін өрбіп, өсіп келе жатқан балаларының алды ел билейтін қабілетке жетіп қалады. Сол кезде бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін бәйбішелерінен туған бір-екі ұлына билетіп, өзі Мауреннахрдың әшекейлі алтын сарайлы бір шаһарына Ордасын көшірмек..
  • Aiman Kainarbayevaalıntı yaptı2 yıl önce
    Әнеу күнгі сұрапыл дауылдың аяғы тынбай құйған бір жетілік ақ жауынға айналған
  • Aiman Kainarbayevaalıntı yaptı2 yıl önce
    Әбілқайыр жауар бұлттай ашулы қайтты. Мұнда келгеннен кейін батыр Саянның қалай қашып кеткенін естіп бұрынғысынан бетер қара түнектей тұнжырай қалды
  • Aiman Kainarbayevaalıntı yaptı2 yıl önce
    Осы шабыс үш бие сауымындай мезгіл алған
fb2epub
Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)