Әзілхан Нұршайықов

Alıntılar

b4848678814alıntı yaptı2 yıl önce
Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін жұмсадым. Өзім де жаным арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Мен соғыс кезінде «Красная звезда» газетіне былай жазғанмын: «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам» дегенмін. Сол сөзімді әлі де қайталаймын. Өйткені, Энгельс айтқандай, өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын. Мен нацизмның туын көтерген фашизмге қарсы жан аямай күрескен кісімін. Мен Гитлердің нацист армиясына қарсы қол бастаған адамдардың бірімін. Мен фашистерді жан-тәніммен жек көріп соғыстым. Мен Советтік Отанымды жан-тәніммен жақсы көріп соғыстым. Осы екеуін де, жауға деген өшпенділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті айтамын, мен қол астымдағы әр жауынгердің, әр командирдің жүрегіне ектім!
Marziya Tanzharikovaalıntı yaptıgeçen yıl
Абыржып, аң-таң болып мен қалдым
Zhanibekalıntı yaptı2 yıl önce
жүрек болып жолдасың, адалдық сені қолдасын. Жақсылық үшін тірессең, жаныңды арың қорғасын. Арынды болсын шабысың, алымды болсын табысың, найзадай болсын намысың. Ер жігітке бәрі сын. Қиындық көрсең мұқалма, ауырлық көрсең жұқарма, қамқоршы бол кішіге, үлкенді үлгі тұт алға! — деп әкем бетін сипады.

İzlenimler

b0549347214bir izlenim paylaşıldı2 yıl önce
👍Okumaya değer

Алған әсерім керемет. Алғаш рет мектеп кезінде оқыған едім. Қайталап оқудың әсері бөлек. Бауыржан Момышұлын тағы бір сатыға жоғары танып, болмысына риза болдым. Барлық жан дүниеммен кітапқа сүңгіп кеттім. Күндізге оқып, түнде түсімде көріп, аяқтағанша әр жағдайды бірге сезіндім. Керемет

  • Әзілхан Нұршайықов
    Ақиқат пен аңыз
    • 1.3K
    • 514
    • 30
    • 58
    kk
    Ücretsiz
  • b2870566860bir izlenim paylaşıldıgeçen yıl
    🐼Süslü

  • Әзілхан Нұршайықов
    Ақиқат пен аңыз
    • 1.3K
    • 514
    • 30
    • 58
    kk
    Ücretsiz
  • b1543340746bir izlenim paylaşıldıgeçen yıl
    👍Okumaya değer

  • Әзілхан Нұршайықов
    Ақиқат пен аңыз
    • 1.3K
    • 514
    • 30
    • 58
    kk
    Ücretsiz
  • fb2epub
    Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)