uk

Әбіш Кекілбаев

  • Руслан Рысқұлбекұлыalıntı yaptı2 yıl önce
    Қазыбектің бұдан былайғы сөзін ести алмады. Екі құлағы бітіп қалды. Көзінің астын топан көміп бара жатқандай бұлдырап барады. Әйтеуір әлгі баурай-баурайды түгел толтырып тұрған нөпір аламанның әлденені айтып күркірегенін біліп отыр, әлгінде ғана алдында сұлқ салбырап тұрған қыл шашақтардың тұнық аспанды сабалап желк-желк желпініп жатқанын көріп отыр. Сол бір қаһарлы айқай тынар емес, сол бір дүрлігіс басылар емес. Бір уақытта қолдарына көл-дария өре киіз ұстап, іштерінде қанжығалы Бөгенбай, қара керей Қабанбай, тама Есет, әлім Бақтыбай, ошақты Саңрық, керейіт Тайлан, шөмекей Киікбай, үйсін Ақтамберді, Қалдыбай, керей Сырымбет, тілеу Орыс, адай Шотан, атығай Құлсары, Қыпшақ Шақа, сары жетім Бұданбай бар, қарақұрым қол алдына келіп, тістері ақсиып бірдеңе деді. Қапелімде орнынан тұра алмай қалған Әбілқайырдың бір қолтығынан арғын Жәнібек, бір қолтығынан табын Бөкенбай демеп өре киізге алып келді.
    Сол-ақ екен бір алып ақ самұрық құс оны аспанға көтеріп әкетті. Біресе шырқыратып шыңға шығарып әкетеді, біресе құлдилатып әлгі қара нөпірдің үстінен түсіреді. Жұрт ауыз жаппай әлдене айтып жатыр.
  • b2342109012alıntı yaptı2 yıl önce
    Сонда мұның атын алқалы жиында айқайлап айтар бір игі жақсының табылмағаны ма?
  • Жазира Темирбековаalıntı yaptıgeçen yıl
    Бір мың жиырма үшінші жыл басталмай жатып, Ойрат жағы қайта жанданды. Жетісудың ен майсасына аунап-қунап денелері жайылып қалған немелер қазақтың қалған өлкелеріне көз аларта бастады.
  • Fully Virtalıntı yaptı2 yıl önce
    Бұларға еріп сыртқа шыққан. Үзеңгісінен ұстап тұрып «Хан-ием, мына жаман қарадан анда-санда хабар алып тұрғайсыз. Аруағынан айналайын ата-бабаңыздың бағының өскенін бермесе де, басының өскенін бергей деп тілеймін», – деген.
  • Fully Virtalıntı yaptı2 yıl önce
    барша бұрыс пен дұрыстың, обал мен сауаптың, қиянат пен шарапаттың, бұзық пен түзіктің, ауыр мен жеңілдің, жалған мен шындықтың, азап пен рақаттың бірден-бір сарапшысы баянсыз сылдыр-сұйық уақыт
  • b1552553021alıntı yaptı2 yıl önce
    – Әй, Мырзатайға қымыз әкеліңдер.
  • b1552553021alıntı yaptı2 yıl önce
    Алты шашақты ең еті пысығы Дүзей болғанда, ең үйден шықпас момыны Көшей көрінеді.
  • b1552553021alıntı yaptı2 yıl önce
    «Қазір мынау айғырдың басын босатып жіберейін. Ол барып анау биені жағалар.
  • b1552553021alıntı yaptı2 yıl önce
    Әкесі Қошқар жаугершіліктен қайтып келе жатып жол-жөнекей түзде түнегенде аруақтар: «Әйелің екіқабат, өзің түгілі алаштан асқан атақты батыр туады, атын Жәнібек қой»,
  • b1552553021alıntı yaptı2 yıl önce
    Әкесі Қошқар жаугершіліктен қайтып келе жатып жол-жөнекей түзде түнегенде аруақтар: «Әйелің екіқабат, өзің түгілі алаштан асқан атақты батыр туады, атын Жәнібек қой»,
fb2epub
Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)