bookmate game

Софы Сматаев

  • Madina Magzumovaalıntı yaptı9 ay önce
    Манғұлияның батысындағы сол қанаты, манғұлша "жоңғар" аталатын - дүрбэн түмен ойрат1- манғұлдардың чорос, хошоут, хойт, торғауыт, дәрбен, элют руларынан құралған. Манғұлияның Шыңғыс ханының баласы Төле әулетінен тараған хандарына тәуелді боп келген осы қалың ойрат он төртінші ғасырдың аяғында Шығыс Манғұлияның әміршісі Әлібек ханның тұсында өз алдына жеке ту көтерген-ді.
  • Madina Magzumovaalıntı yaptı9 ay önce
    Ақыры уәзірінің жете алмай кеткен тілегін орындамақ ниетпен, Хұтқай-Тофаның Баталу деген ұлын алдырды. Желге қаққызбай, күнге тигізбей мәпелеп өсірген сұлу қызы Самор Гонжиді искелеп қосып, Баталуды төрт түмен ойратқа хан көтерді. Жоңғар хандығы тауарихта алғаш осылай шаңырақ құрды.

    Дәл осыдан бастап жеті хошун Халха2мен дүрбен түмен ойрат3аталған Жоңғария хандығының арасы іріген сүттей бұзылып сала берді.
  • Madina Magzumovaalıntı yaptı9 ay önce
    Әсіресе, кезінде Алтын хандығы аталған Шығыс Манғұлияның Шолой-Обашы хонтайшысы Жоңғарияға тіпті қырғидай тиіп еді. 1552 жылы ойратты ойсырата жеңген ол шекарасын нығайтып алған-ды. Арада он жыл өткенде, қара ит жылы, Ордос маңғұлдарының ханы - Құтықтай шешен (Хутухтай- Сецен) енді торғауыттарға тұтқиылдан дүрбелең салып, Ертіске дейін дүркірете қуған ғой. Дәл осы Құтықтай шешен хонтайшы он екі жылдан соң, көк ит жылы, ойраттың хойт руының әміршісі Еселбай-қияға (Эсель- бейн-хяға) шабуыл жасайды. Еселбай-қияның қолы жеңіліп, өзі тұтқынға түседі. Араннан әупірімдеп айла тауып қашып шыққан Еселбай-қия кейін қол жиып барып, Құтықтай шешенді өлтіріп, кегін қайтарған еді.
  • Madina Magzumovaalıntı yaptı9 ay önce
    1559 жылы Алтын хандығы Ордос пен Амдо жеріне өтті. Көп ұзамай Көкнор (Кукунор) көліне жетіп, сол маңайды жайлай бастады. Сөйтіп шығыс Манғұлия іргесін оңтүстік-батысқа қарай ілгерілете жылжытып, ойраттың солай қарай барар жолын қиып тастаған еді.

    Солтүстікте - Алтын хандығы, шығысында - шығыс маңғұлдарының тайшылары, батысында - қазақ хандығы жатқан ойраттың он алтыншы ғасырдың аяқ кезіндегі хал -күйі тіпті мүшкіл - тін.

    Тауарихта Дешті қыпшақ аталған қазақ даласының құдіретті ханы Тәуекел бұл кезеңде аса дәуірлеп тұрған болатын.
  • Madina Magzumovaalıntı yaptı9 ay önce
    Түркістан, Ташкент қалалары да 1598 жылы Тәуекелдің тегеурінді пәрменімен қазақ хандығының қарамағына көшкен еді.
  • Madina Magzumovaalıntı yaptı9 ay önce
    Дүрбен түмен ойраттың солтүстік-батысындағы көршісі – Ібір - Сібір қазақтарының ханы - Мұртаза ұлы Көшім бұл кезде әлсірей бастап еді. Москва патшасы Қаһарлы Иванның Сібірге қарай қанат жайған отарлаушы әрекеті Көшім ханды туған жерден ығыстыра үскен - ді. Есілдің сағасындағы Көшім ханның Қулары таласы ойрат иелігімен жапсарлас жататын. Қара дауылдай түнере келіп, түйіліп түскен ақ патшаның озбыр екпіні Сібір ханының етегін жұлқылап, көк желкеден көк сүңгідей қадалған ғой. Басы дауға түскенде, далбасалап жанға сауға іздеген Көшім өзінің қосы Бұхар ханы Абдолладан жәрдем сұрап, бірақ одан ешқандай көмек алмаған соң далбасалап Ертісті өрлеп, ойрат жеріне сұғына кіріп кетпей ме. Зайсандағы ойрат аулын шапқан Көшім хан біраз олжамен қайта оралғанда, соңынан қуа шыққан ойрат қолы Қорғалжын көлінің маңында оның быт-шытын шығарады. Ініне кіре алмай жүріп, құйрығына қалжуыр байлаған тышқанның кебін киген бейшара Мұртаза ұлы Көшім хан содан кейін енді қайтып түзеле алмай, ақыры қаза тауып тынған ғой. 1552 жылы Қазан хандығын өзіне қосып алып, обырланған Ресей патшалығы осыдан отыз жыл өткізіп барып Сібір хандығын да құлатқан - ды. 1594 жылы алғаш рет Тара қаласын салып, түз халықтарына тұзақ боп түсер Ертіс бойындағы қасірет белдеуі атанған форпостары мен қамалдарының қаһарлы шебін бастағанына тауарих куә.
  • Madina Magzumovaalıntı yaptı9 ay önce
    Төрт құбыласынан бірдей қысым көрген қалың ойрат енді осылай қарай шұбыра жылжыды. 1604 жылы торғауыт ханы Хо-Ұрлық Тара қаласынан үш күндік жолдай жерге дейін өз ұлысын Ертіспен төмен құлдилатып әкелген-ді. Жайылым мен өріс қуалаған осы Хо-Ұрлық отызыншы жылдардың басында Еділ мен Жайықтың арасын қоныстанған ноғайларды ығыстырып жіберіп Ресейдің қол астына кіріп, ақыры сол араны біржола мекендеп қалған-ды. Еділ бойына бүгінгі қалмақ елі осылай келген болатын.

    Бұл кезде ойраттың үкімет билігі - "Чулған жарғасында" екеуара әмір - билік құрған хошоут руының ханы Байбағас пен чорос руының ханы Қарағұлдың арасында өзара бақталастық жүріп жатқанымен дүрбен түмен ойрат қайта күшейіп, аумағы кеңейіп, қанат жая бастаған еді. Соның бір үлкен дәлелі - аласұрған ойраттар Алтын ханның иелігі -Көкнорға ауызды қарбыта салып қалған ғой.

    Он жетінші ғасырдың жиырмасыншы жылдарында дүрбіт ханы Далай тайша, торғауыт әміршісі Хо-Ұрлық және Қарағұлдың баласы чорос тайшасы Шоқырдың Зайсан маңынан ауа көшіп, Қорғалжын көлі мен Ертістің орта тұсына өз ұлыстарын бастап келіп, Есіл мен Тобыл аралығын жайлап қалғанын көпшілік жұрт біле бермеуі мүмкін.
  • Madina Magzumovaalıntı yaptı9 ay önce
    Қарағұлдың алғашқы жаушысының 1620 жылы 14- қаңтарда алтынмен апталған Мәскеуге келгені көн сасыған ширатпа шежіреден белгілі болса, дәл осы күні Алтын ханның елшісінің де көп шеркеулі Мәскеудің қақпасынан таласа енгенін әлгі шежірелі жазбадан оқи аламыз. Елшілерді патша ағзам Михаил Романов бір күнде, 29-қаңтарда Кремльдегі Грановит палатасында қабылдайды. Сол жылдың 24-сәуірінде Алтын ханның елшісіне, ал 25-мамырда ойрат елшісіне ұлүғ патша ағзамның сенім грамотасы тапсырылған болатын.
  • Madina Magzumovaalıntı yaptı9 ay önce
    Осыдан кейін көптен тыйылған Жоңғария - Халха қырғыны қайта басталып берсін. 1619-жылы Алтын хан манғұлдары қазақтың Есім ханымен одақтасып, дүрбен түмен ойратқа дүбірлете тиген-ді.
  • Madina Magzumovaalıntı yaptı9 ay önce
    1622 жыл біршама тыныштыққа өтіпті. Екі жақ та жарасын жалап жазып, жау-жарағын жаңа ұрысқа дайындаса керек. Осы бейбіт сәтті пайдаланып Кузнецк төңірегін боданына өткізген Қарағұл енді тымақты алшысынан киіп, ат үстінен бір түспепті деседі. Дүрбіт ханы Далай - Тайшаны, Торғауыт ханы - Хо-Ұрлұқты, хошоут ханы - Байбағасты уағыздап, үгіттеп соңына ертіп алған ол Кузнецк қаласындағы қалың елге сауыт, дулыға, қалқан, найза, қылыш жасатқызады. 1623 жылы ойрат - Халха соғысы қайта қызады. Кең даланы дабыл үні жаңғыртады. Сахараның шаңын бұрқыратып, ат тұяғы дүбірге дүбір қосады.

    Үсті-үстіне көбейген қанды жорықтары ақыры Хо - Ұрлұқты Астрахань - Әжтархан жаққа кетуге мәжбүр еткен ғой. Далай-Тайша батысқа ауған торғауыттардан бөлініп, Қарағұл ханның ұлысына қайтып оралады. "Чулған жарғының" екінші әміршісі Байбағыс ханның жұлдызы біртіндеп сөне бастайды да, жоңғар хандығының биік көгіне Қарағұлдың күні жеке дара жарқырап шыға келеді. Дүрбен түмен ойратты содан былай чорос тұқымы билеп кеткен еді.

    Қарағұл хан 1634 жылы өледі. Орнына Хото - Хоцин-Батыр атты баласы хан сайланады. Тибеттің далай - ламасы оған Ердени-Батыр хонтайшы атағын береді. 1635 жыл - Жоңғар хандығының өз алдына дербес мықты хандық құрған жылы болды.
fb2epub
Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)