bookmate game
kk

Ілияс Есенберлин

  • aya_ Hanova_alıntı yaptı2 yıl önce
    айтар сөзің, істер жамандығың оған қалай тиеді, алдымен соны ойла
  • aya_ Hanova_alıntı yaptı2 yıl önce
    Қайғы бұлты, маған енді төнбеші,

    Төне қалса, жаным, оған көнбеші,

    Махаббатым, құдіретті күнімсің,

    Сөнбеші сен, сөнбеші сен, сөнбеші!
  • b1988019109alıntı yaptı2 yıl önce
    айларының аяқ шеніндегі ыстығы басылған
  • b1988019109alıntı yaptı2 yıl önce
    Маңына өзінен ақылы төмен, бірақ құлқы өзіндей адамдарды жинай білсе, сол хан тағында ұзақ отырады»,
  • b1988019109alıntı yaptı2 yıl önce
    Халқың сыйласын десең тағыңнан түспе»
  • b1988019109alıntı yaptı2 yıl önce
    Хан халқының көңілін табу үшін ақылды, ал халқы оның көңілін табу үшін тақымды болуы керек»
  • b1988019109alıntı yaptı2 yıl önce
    Ойынан шықпаған туған баласын да бауыздай алар хан әрқашанда абыройлы болады», — деп жауап береді.
    Шыңғысханның осы төрт ақылын алған төрт баласы өле-өлгенше абыройлы хан болып өтіпті-міс.
    Әбілқайыр да осы төрт өсиетке бас иген адам. Сондықтан да ол маңайына тек Сайбан ұрпағы емес, Шыңғысханның өзге балаларының да, Жошының өзге бұтағын да жинаған. Тек бұлардың бірде-бірі өзінен ақылды болуға тиісті емес және үнемі оның ойынан шығып отыруы керек. Солай болып та келген. Тек соңғы кезде ғана Орда маңындағы сұлтандар арасындағы дау-жанжал күшейе түскен. Әсіресе, бұл алауыздыққа дем беріп жүрген — ақыл-айлалы Жәнібек сұлтан. Серіксіз жау болмайды, оған шөбере ағасы Керей қосылған. Бұлардың бергі өкпесі Әбілқайырдың қазақ пен өзбек арасындағы саясаты болғанмен, хан ойынша түпкі армандары бақ күндестік. Көк
  • b5236619534alıntı yaptı2 yıl önce
    Аюға ақыл үйреткен таяқ деген мақалды естігенің бар ма? Жерінен, билігінен айрылған қазақ айтқанға көнбей қайда барады? Күшпен көндіреміз. Арқасына қамшы ойнатып, соқа жегіп, жер жыртуды үйретеміз. Қол-аяғын матап шіркеуге кіргізіп, Иисус Христосқа шоқынуға мәжбүр етеміз.
  • j a falıntı yaptı2 yıl önce
    Күн сәулесіне шомылған көштің беті күнгей тұс. Көш басында тең үстіне қызыл ала масаты кілем жабылған күлсары атан жетектеген, солғын реңді кәрі шал. Астында тобылғы күрең ат, үстінде қоңыр түйе жүн шекпен, басында төрт салалы пұшпақ бөрік. Оның соңынан тізбектелген аттылы, түйелі қалың керуен. Кейбір қомды түйелерде ағараңдаған әйел кимешектері көрінеді. Шаңырақ доңғалақты екі аяқ шиқылдақ арбаларда кемпір-шал, бала-шаға… Қыз-келіншек, бозбала ат үстінде. Бірақ бұлар әдеттегідей ән шырқап, әзілдесе сөз қағысып, бірін-бірі қуып жарыспайды. Үн-түнсіз тұнжырап қалған. Көштің оң жағында қалың жылқы. Қырқаны бүйірлей тасыр-тұсыр жіті басып келе жатыр. Көш соңында қара мал, одан әрі жүре жайылған қотан-қотан қой-ешкі.

    Көш жүрісі шұғыл. Пысқырған жылқы, анда-санда боздаған түйе. Үстіне қауырт келіп қалған мал тұяғынан сасып, қияқ пен ши түбінен пырылдай ұшқан бөдене мен жапалақ.
  • Asemoka_ okaalıntı yaptı2 yıl önce
    Қасым төре баласы Саржан
fb2epub
Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)