bookmate game
kk
Ücretsiz
Қалмақан Әбдіқадыров

ҚАЖЫМҰҚАН

  • Bako Abdrahmanovaalıntı yaptı3 yıl önce
    Қажымұқанмын қазақта күшiм асқан,

    Палуандықтан айтайын бiраз дастан.

    «Орыс палуан» атанып он екi жыл,

    Жиырма төрт патшалықтың жерiн басқам.
  • b7742518291alıntı yaptı2 yıl önce
    Адамнан асқан iс, кәне?!

    Құрғатқан көлдi,

    Жайнатқан шөлдi,

    Өмiрдiң адам ұстазы.

    Еңбекшiл ерлер,

    Төгiлген терлер,

    Өзгертер әлем өңiрiн.

    Адамдық күштер,

    Ғажайып iстер

    Орнатпақ бақыт өмiрiн.
  • b7742518291alıntı yaptı2 yıl önce
    Толғанса күштер,

    Туласа күштер.

    Тулайды теңiз тасынып.

    Толқыннан шыңдар,

    Шыңғырып тулар

    Тулады кеме асылып.

    Долданып дауыл,

    Шыңдары ауыр,

    Қолтықтап ұшар биiкке,

    Құлайды жарлар,

    Жылайды сұмдар,

    Тарылып демi жиекте.

    Күштердiң күшi

    Iстердiң iсi,
  • b9560798249alıntı yaptı2 yıl önce
    Әлеумет, құрметтерiңiзге құлдық. Бұл ақша мына жас палуанды оқыту қаржысына жұмсалсын. Мен осындай қаржының табылмағанынан қартайғанша мүгедек болып, бойыма бiткен өрен қайратымды шарықтата алмай ел iшiнде қалдым. Керексiз уақытта табылған кеннiң керегi қанша? Бұл дүние осыған берiлсiн, – деп қалтаны қасындағы Мұқанға қарай ұсынды.
    – Мен күштi молдадан алғаным жоқ. Құлағымды жұлып, жанымды таспадай тiлген соң, көрмегенiм молда болсын деп кетiп қалғам. Нағашы атам мен өзiмнiң бабам оқымай-ақ – Лук, Ернақ палуан атаныпты. Маған ақша төлеп оқудың керегi жоқ. Онда барған соң тағы бiреуi дүрелеп жүрер. Онан да жасың болса келiп қалған, бала-шағаң бар сен ал, – деп өз үлесiн де қосып
  • b7152474094alıntı yaptı2 yıl önce
    өзi мақтаған өлiмнiң аз-ақ алдында
  • b7152474094alıntı yaptı2 yıl önce
    Бел ұстасқан күш әкесiн танымайды
  • b7152474094alıntı yaptı2 yıl önce
    Үйде ауылдың намысын, түзде елдiң намысын ойла
  • b7152474094alıntı yaptı2 yıl önce
    ұлт үшiн тумайды, жұрт үшiн туады
  • b7152474094alıntı yaptı2 yıl önce
    Бұзауынан көтерiп үйренген жай кiсi, палуан көтере алмайтын атан өгiздi көтередi. Ауырды көтеру үшiн оның әдiсiн үйрену керек
  • b7152474094alıntı yaptı2 yıl önce
    Ерекше бiткен күш – өрт сияқты. Ол орынды тұтанса тасты балқытып, темiрге айналдырады. Орынсыз тұтанса елдi өртейдi.
fb2epub
Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)