bookmate game
kk
Ücretsiz
Смағұл Елубай

Қиямет-қайым ғасыры

  • Мадина Максатоваalıntı yaptı5 yıl önce
    «Қайда жүрсеңдер де тек ізгілікке ұмтылыңдар!

    Түбінде Алла сіздердің бастарыңды қосады»

    Мұхаммед с.ғ.с.
  • Саясат Акбулатовalıntı yaptı5 yıl önce
    Адамды хайауаннан бөліп тұрған тағы бір іргелі сезім - аяушылық.
  • Мадина Максатоваalıntı yaptı5 yıl önce
    Бұ Дүние мәнін ұққан Адам - бағыт сілтер бақыт жұлдызын – Темірқазығын тапқандай болыпты. Темірқазығын тапқан жан - түн түнек құшағында келе жатса да адаспас ақадал жан. Біресе шаң кешіп, біресе тұман кешіп, біресе қан кешіп алмағайып сапарда келе жатқан адамзат та біз сияқты сабылып бақыт жұлдызын іздепті. Іздеумен келеді. Біз де сөйттік. Тірлік Темірқазығын іздедік. Сөйтіп, Жер бетіндегі жалғыз сапарымыз бақытқа бастаса екен дедік. Сол жолда адастық. Аласұрдық. Түңілдік. Сүріндік. Құладық. Қайта тұрдық. Не таптық, не қойдық?
  • Ерназ Жанбаевalıntı yaptı6 yıl önce
    түнеріп ажал күтіп тұр.
  • b9586856877alıntı yaptı4 yıl önce
    Адамды Адам құтқара алмайды. Адам Адамға тек бағыт-бағдар ғана сілтей алады. Адам пенде өзін өзі ғана құтқара алады. Ол үшін жүзін Жаратушысына бұруы керек. Сонда, Сайтан серпіліп, Жаратушысы жақындайды. Жан-жүрегі жібіп бір ғажап Жәннат самалын сезеді. Ол – жарық. Ол – нұр. Ол – махаббат. Еш тән ләззаты бере алмаған жан ләззаты. Содан сен Раббыңды сүйе бастайсың. Раббыңды сүю – Раббыңның құлдары Адамды сүю. Яғни, Алланы сүю – Адамды сүю. Өйткені, Алла Адамды махаббатпен жаратқан. Жауыздықпен емес. Жауыздық көбейсе әлем сырқаттанады. Жаман ниет Ғаламдық Санаға жаман әсер етеді. Жақсы ниет жақсы әсер етеді. Өйткені, бүкіл адамзат санасы тұтас.
  • Хабиб Хабибиalıntı yaptı5 yıl önce
    Яғни, мінсіз тазалықты аңсайды. Өмір жұмыр басты пенденің, (оның ішінде өзің де бар), мінсіз болмайтынын көрсетті. Бірақ, жүрек байғұс іздейді. Мінсіздік іздегеннің жолдасы -жалғыздық. Қоғамнан түңілу, Адамнан түңілу – жабығудың жаман түрі. Одан әрмен барар Жер, басар тауың - торығу.

    Сонда қателік неден?! Неге сен қиялдағы қоғамыңды, қиялдағы Адамыңды кездестіре алмадың?! Қателік сенің қиялдағы Адам мен қоғамды аңсауыңнан. Адам қоғамы ешқашан идеалды болмақ емес. Өйткені ол періште емес, Адам қоғамы. Сондықтан, қиялдағы қоғам мен қиялдағы Адамнан неғұрлым ерте бас тартсаң, Бұ Дүние бақытына барар жолың соғұрлым қысқа болуы мүмкін. Ол жол мінсіз досқа апарар жол. Мінсіз дос - жалғыз Алла.

    Сөз жоқ, Құдай тағала жаратқан жан иелерінің ішіндегі Адам ерекше құбылыс. Ең біріншіден Раббымыз оны Жер бетіндегі өзінің орынбасары етіп жаратқан.
  • Ерасыл Искаковalıntı yaptı2 yıl önce
    «Сезім дегеніміз – ғаламды қамтып жатқан Тәңір матрицасымен тілдесу құралы»
  • Ерасыл Искаковalıntı yaptı2 yıl önce
    Адам баласына Құдай рух беріп қана қоймай ерік бергенін ұқтық. Ерік – өз бетіңмен шешім қабылдау. Алла берген сол еріктің арқасында Адам Жаратушы айтқан шектен шығыпты. Ала жіпті аттап алғашқы кунә, алғашқы қылмыс жасапты. Біз соны ұқтық.

    Осындай шалыс қадамға Адам өзіне берілген еріктің арқасында барыпты. Ал, сол ерікті іске қосқан қандай механизм еді? Жаратқан Ие Адамға сана берді. Ойлау қабілетін берді.

    Сайтан Адамға ой салды. Сол ойды қабылдаған Адам шалыс қадам басты.

    Демек , Аллатағала Адамды айтқанға көніп, айдағанға жүре беретін құлақкесті құл емес, не істесе де ерікті сана иесі етіп жаратқан. Адамға Жер бетіндегі өз тағдыр жолын таңдау хұқы, өз қолымен өз болмыс тұлғасын сомдау еркі берілген. Сондықтан да Адам минут сайын, секунд сайын ойланады. Ол ойын сөзге айналдырады. Сөзін іске айналдырады.
  • b7958894580alıntı yaptı2 yıl önce
    Ұлы неміс философы И.Кант: «Қайда қарасақ та әрекет пен себептің, мақсат пен құралдың, жаратылу мен жойылудың заңын көреміз. Ешнәрсе өзінің осы тұрған қалпына өздігінен келе салмайды. Оның себебі бар... ...Сонда сіз әлемдегі күллі болмыстың Себебі деген даңғайыр құдіретті ақылға сидыра аласыз ба?! » (И.Кант. «Критика чистого разума»)
  • b7958894580alıntı yaptı2 yıl önce
    Кванттық физика адам рухы материалистік әлемге тікелей әсер ете алатынын, керек десеңіз оны өзгерте алатын сұрапыл күшке ие екенін дәлелдеді.
fb2epub
Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)