kk
Ücretsiz
Сайын Мұратбеков

Ананың арманы

  • b9315098728alıntı yaptı5 yıl önce
    Мүмкін соның бәрі де ана үшін бақыт шығар. Өле-өлгенінше қолынан келгенінше балаларының отымен кіріп, күлімен шыққанды әрбір ананың өзі-ақ тілейтін шығар. Өйткені әжемнің көрші-көлең кемпірлерге:
    — Е, алла, осылардың бейнеті маған зейнет емес пе. Осылардың алдында өлсем арманым бар ма,— деп айтқанын талай рет естігем. Сондықтан да мен әжемді дүниедегі бақытты ананың бірі санайтынмын.
  • b2341084141alıntı yaptıgeçen yıl
    Осы кезде әжемнің қолы сылқ етіп жерге түсіп кетті.

    — Анашым-ау, анашым-ау!..— деген Әсембайдың ащы үні шықты. Үйдің іші азан-қазан, у да шу боп, бірімен-бірі көрісіп, ілезде басты айналдырып, құлақты тұндырып жіберді. Есік жақта отырған көрші шал кеп әжемнің қол-аяғын уқалап, көзін жапты. Зарлатып құран оқыды.

    Өксігімді баса алмай, жүрегім қысылып далаға шықтым.
  • b2341084141alıntı yaptıgeçen yıl
    Біреу желкемнен нұқып қалды. Әкем екен.

    — Ақымақ, ол алтын жүзік, неге лақтырасың,— деп ызғарлы зекірді.
  • b2341084141alıntı yaptıgeçen yıl
    Мына екеуінің қылығы бәрінен де қатты батты. Әжем болса ықылық атып ақтық демін алып жатыр.
  • b2341084141alıntı yaptıgeçen yıl
    Әжемнің тыныс алуы сиреп, ауыр бір алқынысқа айналды. Оң қолының білегінен ұстап отырған Әсембайдың әйелі: «Әжетайым-моу!»...— деп булығып еңіреп жіберді. Еңіреп отырып қайта-қайта еңкейіп қолынан сүйгендей болды. Сөйтіп отырғанда оның ар жағында отырған Мәржәпия кенет аяғын біреу басып кеткендей баж ете түсті.

    — Аулақ әрі, әпкел шешемнің жүзігін, өзім алам,— деді.

    — Ей-й, қыз-зоу, жәй-иің-ңә от-тыр-саң-шоу,— деп жылай сөйлеген күйінде Әсембайдың әйелі әжемнің қолына тағы еңкейген. Мәржәпия оны қағып жіберді. Ұмтылып кеп әжемнің қолына өзі жармасты. Бұл тағы да еңкейіп, әжемнің саусағын тілімен жалап, жүзікті ары тартты, бері тартты, бірақ шығара алмады.
  • b2341084141alıntı yaptıgeçen yıl
    Жаңа байқадым, иегі дір-дір етіп, өксік қысып, әжемнің көзінен шыққан бір-екі моншақ жас жүзіндегі әжім сайларын қуалай бастады. Мұны көріп тұрып бәріміз де егіліп көзімізге жас алдық.
  • b2341084141alıntı yaptıgeçen yıl
    — Арманым...— сендердің татулықтарың
  • b2341084141alıntı yaptıgeçen yıl
    Біртіндеп әжемнің тіршілігінен күдер үзе бастадық. Түн баласына күзетіп отыруға тура келді. Әбден әлсіреп, күні жеткенін сезді-ау деймін, бір күні Әсембай мен Еселбайға хабар беріңдер, арыздасып қалайын деді.
  • b2341084141alıntı yaptıgeçen yıl
    Ертеңгі шайға әжем ел қатарлы отыра алмады. Дереу дәрігер шақырттық. Әжемнің аузын ашып, тамағының ішінен де, сыртынан да басып қараған дәрігер, әкем мен шешемді оңашалап ап, науқастың өте ауыр науқас — қылтамақ екенін айтты. Осыдан кейін әжем ауруханаға жатып та, үйде жатып та ұзақ емделді. Бірақ айығудың орнына науқасы күн санап күшейе түсті. Әжем тамағынан мүлдем ас өтпейтін халге жетіп, әбден жүдеді. Салдырап құр сүйегі ғана қалды. Ендігі жерде аузына қара суды тек бал қасықпен ғана тамызып отыратын болдық.
  • b2341084141alıntı yaptıgeçen yıl
    Бұ, шекілдеуік шаққан қайсың? Менің тамағыма қабы кетіп тұрып қалды ғой,— деп басын көтерді.
fb2epub
Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)