kk
Ücretsiz
Мұхтар Әуезов

Ескілік көлеңкесінде

  • b7063601172alıntı yaptı7 yıl önce
    Жаз ортасының жарық түні. Маңдайға таман көтеріліп, келген ай мұңлы сәулесін мәңгілік сабырмен таратып тұр. Теңгедей бұлты жоқ таза аспанда таласып жымыңдаған қызғылт, жасыл, сарғыш түсті жұлдыздар тұңғиық аспанның елбіреп қараған от көздеріндей. Түн аспаны сансыз жұлдыздай көздерімен сезімді көңілге ым қаққандай болады. Жұлдызды аспанға. анда-санда айтылатын жер жырын, тіршілік ертегісін тыңдағысы келеді.
    Қоңыр.сезімді сұлу аспан әсіресе Қаражалдың тоғайлы өзегінен әңгіме күтіп, телміріп төнгендей. Қаражал жайлаудағы елдің бір жақсы қонысы болатын.
  • b9907021108alıntı yaptı3 yıl önce
    «Әжеңді ренжітпе, әжеңнің сөзін ұқ: үнемі саған жолдас болмайды, аздан соң өліп те қалады. Сенен басқа әйел баланың әжеңдей үйретушісі жоқ, сондықтан сен олардан артық бол. Оларға ұқсама»!
  • b9907021108alıntı yaptı3 yıl önce
    Қасым: «Бұл сөзді Жәмешке айтудың қажеті жоқ, Жәмеш үшін мен жауап беремін. Алдыңғы Қадишаның обалына қалғандарың да жетер. Кенжехан әулие болса да Жәмеш әрі қатын үстіне, әрі шалға бармайды»
  • b9907021108alıntı yaptı3 yıl önce
    Жәмеш бұрын жастықпен өзінің даусыз бақытына сенгендікпен паң болып тәкаппар болып, маңына үміт қылған бозбаланы дарытпай келсе де
  • b9907021108alıntı yaptı3 yıl önce
    Елге жайылып келе жатқан «жаман» салттың себепшісі көбінше осы елдегі жас «оқығандар»
  • b9907021108alıntı yaptı3 yıl önce
    Осы әдетпен Жәмеш әжесінен алған үлгі мен содан ұғынған сөзінен басқа бөтеннің ешбір үлгісіне бағынған жоқ. Бөтен адамдардың «анау жақсы, мынау жақсы» деген сөзінің ешбірі де көңіліне әсер етіп тыңдалған жоқ.
  • b9907021108alıntı yaptı3 yıl önce
    Жәмештің жүзі дағдылы күйінен өзгеріп жүдеп, сұрланып тұр еді. Ол күрсінді де, Бибіштің білегін қысып: «Тез жүр, тез!» — деді...
  • Aruzhan Baltabaialıntı yaptı4 yıl önce
    қыздың жеңгесі Бибіш:
  • Aruzhan Baltabaialıntı yaptı4 yıl önce
    жыл бұрын алған тоқалы — Қадиша осы Жақып қажының үлкен қызы болатын
  • Aruzhan Baltabaialıntı yaptı4 yıl önce
    Күйеуі Мойылдының ең басты адамы, әрі бай, әрі ертеден келе жатқан бір болыс елдің жуаны — Кенжехан
fb2epub
Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)