kk
Ücretsiz

Әбу Насыр Әл-Фараби І

  • madikosya96alıntı yaptı8 yıl önce
    МЕТАФИЗИКА
    ФИЛОСОФИЯНЫ ҮЙРЕНУДЕН БҰРЫН НЕНІ БІЛУ КЕРЕКТІГІ ТУРАЛЫ
    (49-бет) Әбу Насыр Әл-Фараби былай дейді: философияны зерттеуден бұрын тоғыз нәрсені зерттеп, біліп алу қажет және мұның өзі Аристотельден алынып отыр:
    бірінші - философиялық мен мектептердің атын білу; екінші - [Аристотельдің] әрбір кітабының мақсатын білу; үшінші - философияны зерттеуге негіз етіп алынған ғылымды білу; төртінші - философияны зерттеу мақсатының маңызы ; бесінші - философияны ұғынғысы келген кісінің дұрыс жолды таңдап ала білуі; алтыншы - Аристотельдің әрбір кітабының тіл ерекшеліктерін білу; жетінші - өзінің кітаптарын Аристотельдің неліктен тұспалдап жазған себептерін білу; сегізінші - философиядан білігі бар адамның қандай күйде болуға тиіс екенін білу; тоғызыншы - Аристотельдің кітаптарын зерттегісі келетін адамға қажетті нәрселер.
    I. Философиялық бағыттардың аттарына келетін болсақ, бұл өзі жеті нәрседен алынады:
    - философияның белгілі бір саласын уағыздаушы адамның есімінен;
    - философтың шыққан қаласының атынан;
    - ал [өз доктринасынан] дәріс берген жердің атынан;
    - оның тіршілік салтынан;
    - оның философия ғылымындағы ізбасарларының көзқарастарынан;
    - оның ізбасарларының философияны зерттеуде көздейтін мақсаты жөніндегі көзқарастарынан.
    Өз доктринасын уағыздаған адамның есімімен аталған бағытты айтар болсақ, бұл -Пифагорды /2/ жақтаушы топ.
    Философ шыққан қаланың атымен аталған школа (50-бет), - Кирена /3/ тұрғындарының арасынан шыққан Аристипп бағыты.
  • Айым Шоханalıntı yaptı6 yıl önce
    "Тәні менен жаны лас - тазалыққа қам қылмас" деген Платон сөздері мен "Шынында тән лас болған жерде, оны қолдап демегенің - жамандықты көбейткенін" -деген Гиппократ /24/ сөздері
  • b8456855220alıntı yaptı4 yıl önce
    Екіншіден, аспан денелерінің қозғалысын, олардың қанша екенін, бұлардың бәрінің қозғалысы айналмалы қозғалыс екенін және осы [айналмалы қозғалыс] осылардың бәріне, жұлдыздар да жұлдыз еместерді де және барлық аспан денелері үшін ортақ екенін көрсететін ғылым; сонан соң әрбір аспан денесіне тән қозғалыстар қандай екенін және оның әрқайсысында осы қозғалыстардың түрлері қанша екенін; олар қай бағытта қозғалатынын және олардың әрқайсысына бұл қозғалыстың қандай бағыты сәйкес келетінін [зерттейді]; ол шоқжұлдыздардың әрбір жұлдызы өзі орналасқан орнына белгілі бір уақытта және өз қозғалысының барлық түрлері арқылы қандай жолмен жететінін түсіндіреді.
    Ол сондай-ақ, барлық аспан денелеріне және жеке алғанда олардың әрқайсысына тән шоқжұлдыздардағы қозғалыстарын және осыларға тән бір-біріне толықтыру ретіндегі бірігу, бөліну, ажырату немесе бір-біріне қарағандағы орналасуын зерттейді. Жалпы алғанда, бұлардың қозғалыстарына тән нәрсенің барлығын олардың Жерге қатынасына қарамай-ақ зерттейді, мысалы, күннің тұтылуы және Жердің Ғаламдағы орналасқан орнына байланысты осыларға тән нәрселердің бәрін түсіндіруі, мысалы, айдың тұтылуы сияқты; [ол ғылым] бөгде құбылыстарды, олардың қанша екенін, бұлар қандай жағдайларда және қандай уақытта орын алады және қанша уақытқа созылады; мысалы, күннің шығуы мен батуы және т.б.
    (60-бет) Үшіншіден, [бұл ғылым] Жердің ел мекендеген және мекендемеген жерлерін зерттейді; мекендеген жерлердің қаншалықты екенін; ол қанша үлкен-үлкен бөліктерден, яғни климаттардан тұратынын сипаттайды; сол уақытта олардың әрқайсысының бар екендігі мойындалған ел мекендеген жерлер; әрбір мұндай ел мекендеген жердің
  • b1005772224alıntı yaptı3 yıl önce
    Сонда мен мәнімнің ғажайып сұлулығы мен кереметтігін көрдім.

    Идея туылды.Маған.

  • Alessya Shytnikovaalıntı yaptı4 yıl önce
    ірге, оның еркі шындыққа бағытталу үшін ол парасатты жанның күшін жақсартуы керек. Аристотельге еліктегенде, оған деген сүйіспеншілік оны (Аристотельді) ақиқаттан да артық
  • Maulen Janbolatalıntı yaptı4 yıl önce
    Мұның бәрі "Екінші Аналитика" деп аталатын трактатта баяндалған.
  • Maulen Janbolatalıntı yaptı4 yıl önce
    "Катагурияс", немесе "Категориялар кітабы" деп аталатын кітапта сипатталады. Бұл топтардың өздері табиғи ғылымның пәні (73 6.)
  • Maulen Janbolatalıntı yaptı4 yıl önce
    Бұл "Бариминиас", немесе "Түсіндіру" деп аталатын трактатта баяндалған.
  • Maulen Janbolatalıntı yaptı4 yıl önce
    Мұның бәрі оның грекше "Аналитика", арабша "Қарсыдан сараптау" деп аталатын трактатында бар.
  • Нурсанат Мухамедиеваalıntı yaptı4 yıl önce
    Бірінші негіздерге келетін болсақ, олар элемент пен форма және осыған ұқсас нәрселер, соңғылары ақиқат болғандығынан емес, ақиқатқа жуықтығынан солай.
fb2epub
Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)