ru
Ücretsiz

Машхур Жусіп Копейулы. Казак шежіресі. 8 нуска

39 yazdırılmış sayfalar
Bunu zaten okudunuz mu? Bunun hakkında ne düşünüyorsunuz?
👍👎

İzlenimler

  • Максут Нуркеновbir izlenim paylaşıldı8 yıl önce
    👍Okumaya değer
    🔮Gizli Derinlikler
    🎯Değer

  • b9813451638bir izlenim paylaşıldı5 yıl önce
    👍Okumaya değer

  • bahdollabir izlenim paylaşıldı8 yıl önce
    👍Okumaya değer

Alıntılar

  • Ева Кимalıntı yaptı9 yıl önce
    ОРТА ЖҮЗ - АРҒЫН ШЕЖІРЕСІ
    Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс, - үшеуінен үш басқа болып тарайды [230]. Ақарыстан - Ұлы жүз, Жанарыстан - Орта жүз, Бекарыстан - Кіші жүз тарайды.
    Жанарыс баладан зарығып, қатыны да, өзі де күдер үзіңкіреп бара жатқан кезімде алты қожа: «Құдайы мейманбыз» - деп, сау етіп түсе қалыпты. Сонда Жанарыс қуанғаннан, алтауына алты қой сойып күтіпті. Қожалар әбден риза болып:
    − Осы алтауымыз да атымызды саған бердік, алты ұлдың атасы боласың, - депті.
    Қожалардың аттары: Қарақожа, Ақтанбердіқожа (Актамбердіқожа), Дарақожа, Момынқожа, Смағұлқожа, Қосымқожа. Сонан соң Жанарыс алты ұлды болып, алты қожаның атын қойыпты. Төртеуі бәйбішеден, екеуі тоқалдан. Бәйбішеден: Қарақожа, Ақтанбердіқожа, Дарақожа, Момынқожа. Тоқалдан: Смағұлқожа, Қосымқожа.
    Қарақожадан - Арғын, Ақтанбердіқожадан - Қыпшақ, Дарақожадан - Қоңырат, Момынқожадан - Найман. Смағұлқожа, Қосымқожалардан: Керей, Уақ. Тарақты - қыздан туған жиен - «Орта жүздің жеті арысы» - осылар. «Ел жаманы - Тарақты, ит жаманы барақ-ты», - деген де сөз бар. «Төре жоқта Тарақты төре болуға да жарайды» - деген де сөз бар. «Тарақты Арғынның апасынан [әпкесінен] туған бала екен» - дейді. Қыз күнінде біреумен шатысып, сонан туып:
    «Бұл бала кімнен пайда болды?» - деп сұрағандарға ұялып үндемей шашын тарай берген. «Сонан соң баласының атын: «Тарақты» - қойған екен» - деп сөйленеді. Өзі Арғынның баласына «Ноқта ағасы» болатын да жері бар. Не нәрсенің анығын Алла біледі. Мен солардың қасында бір жүріп, тұрыппын ба? Біздікі - «Естіген құлақтың жазығы жоқ», -деп, соға бермек. Қазақтың өзінің кигіз кітабы - ауыздан ауыз айтылып, бірден бірге қалып келе жатқан сөз. Бұл жоғарыда айтылған сөздер қазақ ішінде бұдан бұрын қазақ еліне нұсқа болып жазылмаған. Пайғамбарымыз айтқан Хадис-Шарип: «Алнатын асат кәззабұн» - күнәң жоқ болса, күн есебіне жазығың жоқ болса, жер өрте» - дегендей, ғадамын құдірет бағыш. Тауфиқ, ұрлық, өтірік, ойнас қолымнан келмеген соң: «Тіпті күнәсы жоққа Құдайдың рахметі жоқ», - деген сөзден қорқып, «Май жесең, тойғанша!»-деп еді ғой, - деп, надандықтың бейпіл байлығына тартынбай-ақ кірісіп, кешіп кеткенім ғой! Алла өзі фазылына алып, рахметінен наумит қалдырмасын!
    Қарақожа бабамыз жас бала күнінде жалаңаш жүреді екен. Үстіне киім кигізсе, жұлып, лақтырып тастай береді екен. Бүл Қарақожаның бала күнінде бір хадиша шакая болыпты. Ол әңгімесін қоя тұрып, кейін айтамыз.
    Арғын бабамыздың бәйбішесінің аты - Аргүл, мұнан: Құтан мен Бұтан деген екеуі туған. Бұтан қыршын жасында өліп қалып, нәсіл тұқымы қалмаған. Құтаннан Мейрам сопы жалғыз. Бұл туралы бұрынғы ақындардың қалған бір ауыз өлеңі бар:
    Сұрасаң арғы атамды - ер Құтан-ды,
    Сұлтанбекәзиден ол бата алды.
    Мейрам-ұлы, Қарашаш бір қыз - туып,
    Қуандық, Сүйіндік боп сонда аталды, -
    деген сөзін дәлел қыламыз. Және де Көтеш ақыннан Уақ - Жарқын би сұраған екен:
    − Бұл ақындық ата-бабаңыздан бар ма? Иа, нағашы тегіңізде бар ма? - деп.
    Сонда Көтеш ақын айтқан бір ауыз өлеңі бар:
    Қазақта Арғын аға болған зерек,
    Өзгеден ол кісінің жөні бөлек.
    Біздердің түп атамыз - ақын Құтан,
    Өзгеден өлеңге ұста болса керек.
    Сондай сөздерден біздің Құтан деген атамыз бар болғанын білеміз. Бұқарекең [Бұқар жырау] айтыпты деген сөз бар:
    Барымызды сұрасаң,
    Құтан [б]айдың баласы.
    Қарақожа бас болып,
    Қабыл да болған тәубесі (тобасы), - деген.
    Арғынның тоқалының аты - Момын. Бұл Момыннан туады: Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы, Арықсопы, Нәдірсопы. Ақсопыдан - «Толыбай» ұранды Қанжығалы, «Маябоз» ұранды Тобықты. Қарасопыдан - «Қарақай» ұранды Қарауыл, «Барлыбай» ұранды Бәсентиін. Сарысопыдан - «Ұшыбай» ұранды Атығай, Он екі атаның ұлы - Дәуіт. Арықсопыдан, Нәдірсопыдан үрім-бұтақ, жұрағат жоқ.
    Арғын бабамыздың жүз алты [ 106] жасында алған бір тоқалдан, аты - Айнакөз, онан туған баланың атын Тәнбіс сопы қойған. Тәнбіс сопыдан: Үсенбай, Елемес. Елеместен -Ерман, Ерманнан: Шағыр, Бөлтірік. Шағырдан: Ақай, Жолдыбай, Тағыншы, Аманжол, Сомжүрек. Аманжолдан - Көшей. Көшейден - Шақшақ батыр. Шақшақ ұлы - Қошқар, Қошқарұлы Жәнібек «Өр Жәнібек» атанған. Мойыны бұрылмайтын, беті қайтпайтын жан болыпты. Жәнібектен - Дәуітбай, мұнан туған Мұса батыр. Мұнан кейінгілері: Бірімжан, Қазыбек. Бірімжаннан: Қорғанбек, Дәуренбек. Дәуренбектен - Ғазымбек.
    Шағыр - Бөлтіріктің Бөлтірігінен: Сырлыбай, Сары. Елемеспен бірге туысқан Үсенбайдан
    - Қарамерген. Мұнан туған - Байташы. Ауыл тілінде әңгіме болған: «Байташының есепшісі-ай!» - деп, осы Байташыны айтқан. Ақташы, Бұғышы Байташы, Тағыншы. «Шар жетім Шақшақ», - десе, білмейтін жан жоқ. Қараман, Төлек, Қырыкмылтық дегендер де бар: «Тоқал Арғын» - деп сөйленеді - Орынбор жақта алты болыстан асатын шығар. «Тоқал Аргыннан» екі Жәнібек шыққан. Бірі - Шақшақ Жәнібек, бірі қара балуан Жәнібек.

Kitap raflarında

fb2epub
Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)