Қазір кез келген опасыздықты ақтап алар философия ойлап табылған кез.
b4433651037alıntı yaptı2 yıl önce
Қандай аңқау да ақылды адамсыз, тіпті бала секілдісіз. Мүмкін, өзіңіздің арам ой-пиғылыңызды жасыру үшін әдейі абдырайсыз ба... Егер шын мінезіңіз осы болса, өмір сүруіңіз қандай қиындыққа соғар еді. Асылы, қазіргі дәуірде мұндай ақ қанат періштеліктің түкке де қажеті жоқ.
b7967425624alıntı yaptı3 yıl önce
Махаббат дегеніміз де — мәңгі аяқталмас майдан!
Майра Туркбенбаеваalıntı yaptı3 yıl önce
Ең үлкен қателігіміз де сол — адамдардың ең үлкен мінін ескермеу.
Майра Туркбенбаеваalıntı yaptı3 yıl önce
Адам көп білген сайын таң қалу сезімі азайып, не нәрсеге болсын күмәнмен қарайды екен.
Майра Туркбенбаеваalıntı yaptı3 yıl önce
мұң — қуаныштың серігі, қуаныштың сүйген қызы десе де болады. Мұң бізді ессіз күлкіден арылтады, тәубамызды есімізге түсіреді. Ағат іс, ақымақ жүрістен сақтандырады.
Майра Туркбенбаеваalıntı yaptı3 yıl önce
Көр де тұр, әр ақылды ісің үшін талай азап шегесің.
Гулден Накыпalıntı yaptı3 yıl önce
Адамның сыры алтын сандық екен-ау, ал ол сандықтың кілтін таба алмаймыз. Таба алсақ та, ауыстырып, бірінікін екіншісіне беріп қоя береміз. Осыдан барып шатасамыз, мәңгі адасамыз. Тағдыр осы қылығымыз үшін миығынан күліп, мазақтайды.
Akerkealıntı yaptı3 yıl önce
Біздерде бәрі бар, барлығы жетеді, біздерге жетпейтіні — айнымас дос, жақсы адамдар ғана.