kk
Ücretsiz
Мұқағали Мақатаев

Өлеңдер жинағы. ІІ кітап

  • Малика Кудайбергенalıntı yaptı5 yıl önce
    ДӘРІГЕРІМЕ

    Керегі жоқ,

    Керегі жоқ,

    Керегі жоқ бәрінің!

    Иненің де керегі жоқ,

    Керегі жоқ дәрінің!

    Кетсем егер пленканың үзілген бір әнімен,

    Қалсам егер қара жердің жалғыз түйір дәнімен.

    Дәрігерім, рақмет!

    Мен әзірге өлмеймін!

    Кешіре гөр!

    Жүрегімді пышағыңа бермеймін.

    Әуре болмай босат мені!

    Енді алдыңа келмеймін.

    Керегі жоқ, керегі жоқ,

    Пышақтауға көнбеймін!

    Қорықпаймын пышақтан да,

    Қорықпаймын инеден.

    Ине түгіл бұл жүректі найза дағы түйреген...

    Құпиямды көресің ғой, мен сондықтан именем,

    Кешір мені,

    Кешір мені!

    Кетем ертең үйге мен.

    Бауыр ісіп, бас айналып, бойда қаным тасыған,

    Бәріне өзім кінәлімін, оның несін жасырам.

    Көп нәрсеге қуанам да, көп нәрсеге ашынам,

    Ғылымға да, өзіңе де рақмет, бас ұрам!

    Уақытым барады өтіп, мен бір жаққа асығам...
  • Ұлан Несіпбайalıntı yaptı7 ay önce
    Ділгірсін көңіл, ділгірсін.

    Өкініш, ынсап бір жүрсін.
  • Ұлан Несіпбайalıntı yaptı9 ay önce
    Дүниенің ағын да, қарасын да,

    Мыңқ етпейсің, қабылдап аласың да.

    Қарасымен шамаң жоқ таласуға,

    Ей, өмірім, зымырап барасың ба?
  • Ұлан Несіпбайalıntı yaptı9 ay önce
    Тағы да көрдім,

    Тағы да көрем таң нұрын!

    Аязын қыстың,

    Аяулы жаздың жаңбырын.

    Алтынға, мейлі, толмай-ақ қойсын сандығым,

    Ырзамын саған!

    Ырзамын саған, тағдырым!
  • Ботагоз Муратоваalıntı yaptı2 yıl önce
    Өлгеннен сұра дер едім,

    Тірі жандарға,

    Өмір дегеннің не екенін.
  • Ботагоз Муратоваalıntı yaptı2 yıl önce
    Өлгеннен сұра дер едім,

    Тірі жандарға,

    Өмір дегеннің не екенін.
  • Бауыржан Дуйсенбаевalıntı yaptı2 yıl önce
    Несін!
    Несін?
    Несін маған кездестің?
    Мұңдасуға, сырласарға
    Таппадың ба өзге ешкім?!
    Өз мұңым бар,
    Оз сырым бар жетерлік.
    Екі мұңды арқалауға
    Енді, жаным, төзбеспін!
    Там-тұм ғана қуанышым,
    Тарам-тарам бар қайғым.
    Сырт көргенге ойсыз, мұңсыз,
    Салдыр-салақ жандаймын.
    Несін?
    Несін?
    Несін менен сұрайсың?
  • b6966344086alıntı yaptı2 yıl önce
    Сен айт менің ойымды айта алмаған
  • b6966344086alıntı yaptı2 yıl önce
    Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған!
  • b8333483499alıntı yaptı2 yıl önce
    Қаншама жан болғанмен соры қалың,
    Әйтеуір, саған бір күн жолығармын.
    Әзірге зарығармын, торығармын,
    Білемін, болар бір шақ жолығар күн.
    Мен сені сүймеймін де,
    Сүйген де емен,
    Тағдырдан шын сүюді үйренбегем.
    Жанымда лапылдаған жоқ махаббат,
    Тек қана тірлігім бар күйбеңдеген.
    Сүюден күйген ерін, күйген денем,
    Жаралы жолбарыспын киреңдеген.
    Арзанқол достарым көп, құрдасым көп,
    Мен сені сағынамын мұңдасым деп.
    Жоқ менің өліп-өшкен махаббатым,
fb2epub
Dosyalarınızı sürükleyin ve bırakın (bir kerede en fazla 5 tane)